Иран мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастар оңды көршілікте
Бүгін, сәрсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Бакуге сапармен барып, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Сыртқы істер министрі және басқа да ресми тұлғалармен кездеседі.
Амир Абдуллахиан сапар қарсанында: «Соңғы айларда екі ел арасындағы қарым-қатынаста туындаған кейбір түсініспеушіліктерге қарамастан, Теһран мен Баку арасындағы қарым-қатынастар жақсы, тұрақты және дамып келеді»,- деді. Иран мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастар кей кездері саяси және шетелдік ақпарат құралдардың ықпалында болғанымен, бірақ екі жақтың әдепті дипломатиясы қарым-қатынастың ұзақ мерзімді шиеленістерге ұласуына жол бермеді. Иран мен Әзірбайжан маңызды төрт себеп бойынша бір-бірінің қарым-қатынастарына ерекше көзқараста. Бірінші себеп – діни, мәдени және тілдік ортақтығы берік екі мұсылман елінің жақындығы. Екінші себеп – екі елдегі қарым-қатынастарды дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету және аяқтау үшін бар мүмкіндіктер. Иран – электр станциясын салу технологиясы бар елдердің бірі. Үшінші себеп – Иранның аймақтық шиеленісті азайтуға бағытталған дипломатиялық талпыныстары. Кавказ Армения мен Әзірбайжан арасындағы ұзақ уақытқа созылған даулар мен жер дауларына байланысты дағдарыс пен шиеленіске бейім.
Иранның негізгі ұстанымы көршілес елдердің аумақтық тұтастығын қолдау және ресми географиялық шекаралардың өзгеруіне қарсы тұру. Иран осы принципті ұстанымға сүйене отырып, Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын батыл қорғап, бұл елдің бөлінуіне қарсы шықты. Әзірбайжандағы Иранның бұрынғы елшісі Мұхсен Пакоин: «Сионистер Таулы Қарабақ соғысының мен Баку мен Ереван арасындағы шиеленістің жалғасуын өз мүддесіне пайдалануға тырысуда. Көпжақты қатынастарды дамытудың төртінші маңызды себебі ретінде транзиттік мүмкіндіктерді пайдалануды да атап өткен жөн. Жақында Ашхабадта өткен ЭЫҰ саммитінде Түркіменстан және Әзірбайжан үш елімен газ алмасу туралы келісімге қол жеткізілді. Келісімге сәйкес Түркіменстан Әзірбайжан тәулігіне 5-6 миллион текше метр газ сатады, ол Иран арқылы Әзірбайжанға транзитпен (Swap) өтеді. Иран да осы газды тасымалдау құқығы ретінде елдің 5 облысында өзіне қажетті газды жинайды. Халықаралық істер жөніндегі сарапшы Хасан Ханизаде келісімнің стратегиялық рөліне тоқталып: «Иран мен Әзірбайжан арасындағы газ келісімі Оңтүстік Кавказ елдері үшін экономикалық мұрсат болды және Иранды Батыс Азиядағы, тіпті Парсы шығанағының оңтүстігіндегі басқа елдерге газ энергиясын тасымалдауға арналған дәліз ретінде таныстырады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрінің Бакуге сапарын осы тұрғыдан алғанда қарым-қатынастарды дамытудағы жаңа қадам ретінде бағалау керек.