Теһран жұма намазының құтпагері сионистерге ескерту жасады
(last modified Fri, 31 Dec 2021 17:55:55 GMT )
Жел 31, 2021 23:55 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпагері сионистерге ескерту жасады

Теһран жұма намазының құтпагері: «Егер сионистік режим қандай да бір қателік жасаса, Иранның Қарулы күштері оларға қатаң жауап береді»,-деді.

Аятолла сейіт Ахмет Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Сақшылар корпусының «Ұлық пайғамбар (с.ғ.с.)» атты жуырдағы әскери жаттығуына және сионистік режимнің оған реакциясына тоқталып: «ИИР-ның әскери жаттығу өткізудегі саясаты қорғаныс және тежегіш сипатта. Бірақ егер сионистік режим қандай да бір қателік жасап, Иран халқына басқыншылық жасауды ойласа, Сақшылар корпусының зымырандары олардың ашық күнін қара түнекке айналдырады»,-деді.  

Аятолла Хатами: «Шәһид Солеймани мен оның жауынгерлерінің қаны Ауғанстанда АҚШ-тың заңсыз болуын тоқтатып, Ирак Парламентінің АҚШ күштерін елден шығару туралы қаулы қабылдауына себеп болды»,-деді.  

Тегтер