Қалибаф: Сардар Солеймани ешбір алпауыт пен зорлықшыға бас имеді
(last modified Sun, 02 Jan 2022 10:19:26 GMT )
Қаң 02, 2022 16:19 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Сардар Қасым Солеймани ешбір алпауыт пен зорлықшыға бас имей, соңғы демі қалғанша оларға қарсы тұрып, олардың жоспарын бұзды",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін Мәжілістің ашық жиналысында Ислам елдерінің мақтан тұтар сардары, майдан жауынгері әрі Иран халқы мен әлемнің барша әлсіздерінің қалаулысы, Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің марқұм қолбасшысы сардар Қасым Солейманидің шәһид болған күнінің екінші жылдығына орай көңіл айтып: "Оның өмірінің түрлі қырлары имам Хомейни (р.) Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар таратқан таза исламды нақты түсініп, Иран халқына үйреткен тәсілмен реттелген болатын",-деді.

Қалибаф халықтың қарым-қабілетіне теңдессіз ықылас пен ізгі сенім білдіруді, "Біз біргеміз" деген принципке діни тағылымдар негізінде терең сенуді сардар Солейманидің айрықша ерекшеліктерінің бірі деп атап: "Бүгінде сардар Солеймани мен Абу-Махди әл-Мұхандес сияқты күрескерлердің қанының арқасында АҚШ аймақтан толық шығарылу алдында тұр",-деді.

Тегтер