Амир Абдуллахиан: Батыстың нақты әрекеттерінсіз келіссөздер алға жылжымайды
ИИР Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде Иранның мүмкіндігінше тезірек жақсы келісімге келуге дайын екенін жариялап: «Батыстың нақты әрекетінсіз келіссөздер алға жылжымайды»,- деді.
Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир-Абдоллахиан сейсенбі күні Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесуінде Ресейдің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымын сындарлы деп біліп, ИИР-ның өз мүдделері мен құқықтары аясында табанды түрде жақсы келісімге келгісі келетінін қуаттады. Иран Сыртқы істер министрі санкцияларды тиімді жоюдың өте маңызды мәселе екенін және Иранның Мәскеу және басқа тараптармен осы бағыттағы кеңесулері мен байланыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрі де Ислам революциясының жеңісімен және ИИР-ның Ұлттық күнімен құттықтап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру және заңсыз санкцияларды жою маңыздылығын қуаттап: «Барлық тараптар, бірінші кезекте АҚШ өз міндеттемелеріне оралуы керек»,- деді.