Коронавирус: Ирандағы жағдай
Нау 31, 2022 22:10 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 46 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140204 адамға жетті",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің Иранның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кешеден бүгінге дейін нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес тағы 2487 адамнан COVID-19 анықталды, олардың 355-і ауруханаға жатқызылды.
Осы мәліметке сәйкес, Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 7162220 адамға жетті.