Бүгін Иранда Табиғат күні!
(last modified Sat, 02 Apr 2022 06:26:50 GMT )
Сәу 02, 2022 12:26 Asia/Almaty
  • Бүгін Иранда Табиғат күні!

Бүгін, сенбі 13 фарвардин (2 сəуір) Иранның ресми күнтізбесінде Табиғат күні деп аталған.

Иран халқы жаңа жылдың он үшінші күнін ежелгі дəстүр бойынша табиғат аясына шығып, табиғи нығметтерден лəззат алумен қоса, туыстар мен жақындардың ортасында қуанышқа толы күн өткізеді.

13 фарвардин - Наурыз демалыстарының соңғы күні. Ол "Сиздəһ бе дəр" деп аталады. Ирандықтар жылдың он екі айын еске алып, он екі күн бойы тойлағаннан кейін Наурыздың он үшінші күнінде бау-бақша мен көк майса далаға барып, табиғат аясында ағынды су - бұлақ, арық пен өзен жағасында жайғасып, шаттыққа толы күн өткізеді.

Ирандықтардың он үшінші күнгі қыдырысы  - əлемдегі ең үлкен пикник. Бұл күні орындалатын рəсімдердің тарихы тереңде жатыр.