Амир Абдоллахиан: АҚШ шектен тыс талап етудің орнына шынайы көзқарасты ұстануы керек
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран жақсы, күшті және тұрақты келісімге қол жеткізуге бекінді. АҚШ шектен тыс талап етудің орнына шынайы көзқарасты ұстануы керек»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан бейсенбі күні Сербия Сыртқы істер министрі Никола Слаковичпен телефон арқылы сөйлесіп, Вена келіссөздері туралы: «Қытай, Ресей және Еуропаның үш мемлекеті келісімге келу жолында сындарлы ұстанымдарға ие»,- деп айтты. Амир Абдоллахиан НАТО-ның арандатушылықтары мен Украинадағы соғысқа қатысты да: «Соғыстың жалғасуы мен таралуына тосқауыл қою, дипломатиялық шешім мен диалогты дағдарысты шешудің шынайы шешімі болып табылады»,- деді.
Никола Сакович ИИР халқы мен үкіметін қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесімен құттықтап, Вена келіссөздерінің тезірек қолайлы қорытындыға жетуіне үміт білдірді.