Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i60230
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 39 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140616 адамға жетті",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 10, 2022 17:26 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: "Өткен 24 сағатта COVID-19-дан 39 адам көз жұмды. Жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140616 адамға жетті",-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте тағы 2894 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 384-і ауруханаға жатқызылды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 7191643 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.

Әлем елдерінің ресми статистикасына сәйкес, осы уақытқа дейін әлемде 498 млн 662 мыңнан аса адам COVID-19-ға шалдығып, 6 млн 202 мыңнан аса адам қаза тапты.