Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 12, 2022 20:04 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, сейсенбі күні өткен 24 сағатта COVID-19-дан 28 адамның көз жұмып, жалпы індеттен көз жұмғандар саны 140678 адамға жеткенін хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте тағы 2737 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 384-і ауруханаға жатқызылды. Елде жалпы індетке шалдыққандар саны 7197505 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
Иранда егілген вакциналардың жалпы саны 147 миллион 955 мың 147 дозаға жетті.