Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 24, 2022 21:34 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жексенбі күні: «Өткен тәулікте Covid-19-дан 13 науқас қайтыс болды. Иранда індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 140975 адамға жетті. Коронавирус басталған 26 айдың ішінде бірінші рет өлім-жітім саны 15 адамнан аз болды",- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте 528 адамнан Covid-19 анықталды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7216040 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін Иранда 6966954 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.