Иранның инфрақұрылымдарына қарсы жоспарланған кибер шабуыл залалсыздандырылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i60588-Иранның_инфрақұрылымдарына_қарсы_жоспарланған_кибер_шабуыл_залалсыздандырылды
Иран Президенті әкімшілігінің AFTA стратегиялық басқару орталығы елдің инфрақұрылымдарына қарсы жоспарланған кибер шабуылдың залалсыздандырылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 25, 2022 15:46 Asia/Almaty
  • Иранның инфрақұрылымдарына қарсы жоспарланған кибер шабуыл залалсыздандырылды

Иран Президенті әкімшілігінің AFTA стратегиялық басқару орталығы елдің инфрақұрылымдарына қарсы жоспарланған кибер шабуылдың залалсыздандырылғанын хабарлады.

AFTA стратегиялық басқару орталығы жексенбі күні: "Соңғы күндерде осы орталықтың уақытылы әрекеттерінің арқасында Иранның инфрақұрылымдарына қарсы жоспарланған ауқымды кибер шабуылдың алды алынып, басқыншылар жобалаған әрекет бастапқы кезеңде залалсыздандырылды",-деп мәлімдеді.

Кибер шабуылдар бұл күндері жүзбе-жүз соғыстың орнын басқан. Енді үкіметтер виртуалды кеңістікке негізделген шабуылдардың елдің коммуникациялық жүйелері, маңызды экономикалық желілерін бұзады деп алаңдайды. Басқа сөзбен айтқанда, бір елдің инфрақұрылымына кибер шабуыл жасау апатты жағдай тудыруы мүмкін. Тіпті ауыр адами және материалдық шығын әкелуі ықтимал. Иран да әлемнің көптеген елдері сияқты кибер шабуылдардың қатеріне ұшырап отыр. Соңғы жылдарда дұшпандардың Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына қарсы кибер шабуылдарының басты нысаналары мұнай кешендері мен мемлекеттік органдар болды.

Көптеген айғақтар көрсеткендей, әлемде дамыған кибер қаруларды қолданып жасалып жатқан шабуылдардың көбі – АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі, сионистік режим мен Ұлыбританияның барлау ұйымдары, соның ішінде GCHQ штабының бірлесіп жасап отырған істері. Кейде қылмыскер топтар осы барлау қызметтерінің орнына кибер шабуылдар жасайды.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері әрі осы агенттіктің құпия құжаттарын жариялаған Эдвард Сноуден 2013 жылы "Шпигель" журналына берген сұхбатында осы агенттік пен сионистік режимнің Stuxnet зиянды бағдарламасын пайдаланып, кибер шабуыл жасауда рөл ойнағанын хабарлады.

Осы қатерлерге қарсы ИИР киберлік қорғаныс өнеркәсібін қалыптастырып, зерттеу бөлімдерін нығайту арқылы киберлік жабдықтар өндіріп, соңғы жылдарда дұшпандардың көптеген кибер шабуылдарын залалсыздандыра алды.

Осы орайда Иран отандық мамандардың білімі мен жергілікті өнімдерді барынша пайдалану арқылы маңызды инфрақұрылымдарды қорғау, нығайту, қауіпсіздікті сақтау және киберлік қорғанысты қалыптастыру жобаларын өз стратегиясы етіп алды.  

Иран 2020 жылы жаһандық кибер қауіпсіздік көрсеткіші (GCI) бойынша әлемнің 182 елі арасында 54-орынға, Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша 12-орынға тұрақтады. Иранның орны 2019 жылмен салыстырғанда 6 сатыға көтерілді. Бұл көрсеткішті БҰҰ-ға қарасты Дүниежүзілік коммуникация одағы (ITU) жариялады. Оны есептеп жариялаудағы мақсат – әлем елдеріне киберлік қауіпсіздікті арттыру үшін қоғамдық хабардарлықты арттырып, практикалық амалдар жасауға көмектесу.