Коронавирус: Ирандағы жағдай
Сәу 28, 2022 17:56 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте елде Covid-19-дан 17 науқас қайтыс болды. Иранда індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141058 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте 969 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 172-сі ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді.
Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7220402 адамға жетті.
Қуанышқа орай, осы күнге дейін 6977760 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды.