АҚШ- тың Табастағы жеңілісі жылдығының рәсімі өтті
АҚШ- тың Иранның шығысындғы Табас сахарасындағы әскери жеңілісі жылдығының рәсімі өтті.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ерікті күштері ұйымының басшысы бригада генералы сардар Мұхаммад Реза Нағди жексенбі күні осы рәсімде 24- ші сәуірді Құдайдың құдыреті мен талабының көрініс тапқан күні деп атап: «Табас оқиғасы алдын ала құрған барлық жоспарлар мен жабдықтар және материалдық мүмкіндіктерге қарамастан, Құдайдың хақты қолдау негізіндегі талабының жүзеге асатынын көрсетті. Иран халқының құнды тәжірибелері АҚШ- қа үміт артуға болмайтынын көрсетті» деді.
Иранның ерікті күштері ұйымының басшысы сондай- ақ АҚШ- тың астыртын әрекеттеріне сілтеме жасап: «Бүгінгі жиһад экономикалық жиһад болып табылады. Иран халқы ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің жол нұсқауларына бағынумен және қарсыласу экономикасын жүзеге асырумен АҚШ- тың экономика бөліміндегі астыртын әрекеттерін де залалсыздандыруы керек» деді.