Раиси: Иран Иракта әрдайым бірлік болуын қалайды
Иран Президенті Теһран үкіметінің Иракта әрдайым бірлік пен біртұтастық болуын қалайтынын айтып: «Иракта соңғы парламенттік сайлаудың саяси үдерісі мықты үкімет құрумен тез арада аяқталады»,-деп үміт білдірді.
Раиси сәрсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземидің қоңырауына жауабында Ирак үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, денсаулық пен қауіпсіздік тіледі.
Раиси: «Иран әрдайым Иракта бірлік пен біртұтастық болуын қалайды. Иракта соңғы парламенттік сайлаудың саяси үдерісі мықты үкімет құрумен тез арада аяқталады деп үміттенемін»,-деді.
Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи де Иран үкіметі мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Иранның Иракты қолдағанына алғыс айтты.