Санкцияларға қарамастан Иран экономикасы әлемде жиырмасыншы орында
Maм 08, 2022 12:19 Asia/Almaty
Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша, санкцияларға қарамастан әлем бойында Иран экономикасы жиырмасыншы орында.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халықаралық валюта қоры 193 елдің ішкі жалпы өнімін жариялап, 2021 жылғы сатып алу қабілеті индексі негізінде санкцияларға қарамастан Иранның әлемдегі ең ірі экономикалар арасында 20-шы орында екенін жариялады. Осы халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, 2021 жылғы сатып алу қабілеті индексі бойынша Иранның ішкі жалпы өнімінің құны 1436 миллиард долларды құрады. Иран бұл көрсеткіш бойынша әлемде 20-шы орында тұр. Соңғы жылдардағы ең ауыр санкцияларға ұшырағанына қарамастан, Иран экономикасы 2021 жылы 173 елден жоғары болды.
Тегтер