Коронавирус: Ирандағы жағдай
Maм 08, 2022 18:54 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі бүгін, жексенбі күні: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 12 науқас қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141177 адамға жетті",- деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте 488 адамнан Covid-19 анықталды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7225189 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін елде 7005420 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.
Иранда егілген вакциналардың жалпы саны 149 миллион 153 мың 878 дозаға жетті.