Иран Президенті сүннит үлемдермен кездесті
Иран Президенті сүннит үлемдердің бір тобымен кездесуінде ел тарихында сүннит азаматтар мен үлемдердің орнын маңызды деп атап: «Сүннит үлемдер мен ғалымдар өз жеріне көп еңбек сіңірді. Исламдық Иранда шиіттер мен сүнниттер бір-бірімен тату өмір сүріп жатқанына жылдар болды»,-деді.
Ибраһим Раиси осы кездесуде басты тауарларға субсидия бөлу тәсілін түзеуді экономиканың әділеттірек болуына және абсолютті кедейлікті жоюға бағытталған қадам деп атап: «Бұл шара нағыз әділеттік емес, тек экономикалық жағдайдың әділеттірек болуы үшін жасалған қадам»,-деді.
Иран Президенті, сондай-ақ аймақта тәкфирлік ағымдардың дамуы тақырыбына тоқталып: «Елде тәкфирлік және сәләфилік ойлардың таралуына сақ боуымыз керек. Өйткені британдық шиизм мен америкалық суннизм – бір тиынның екі беті. Екеуі де ислам әлемінің бірлігіне қарсы»,-деді.