Иран ғылымы мен әдебиетінің данышпаны Хайямды ұлықтау күн
Иран күнтізбесінде 18 мамыр (28 урдибехешт) Иранның ұлы ақындарының, ғылымы мен әдебиетінің бірі данышпан Омар Хайямды еске алу күніне арналған.
Тарихи құжаттарға сәйкес, данышпан Омар Хайям жастайынан философия мен математиканы жетік меңгеріп, бірте-бірте басқа ғылымдарға да араласып, көптеген жетістіктерге жеткен. Данышпан Омар Хайям бүкіл саналы ғұмырын дүниенің беймәлімдігін, заңдылықтары мен сырларын ашуға және өзінің жасампаз да ізденімпаз ойының сұрақтарына жауап табумен өткізген. Бүгінгі күнге дейін әлемдегі ең беделді және дәл хронологиялардың бірі болып табылатын күнтізбені осы ирандық ғалым дайындаған. Хакім Омар Хайям өз заманында математика, геометрия, астрономия сияқты ғылымдардағы шеберлігімен танымал болғанымен, бүгінде оның көпшілігі өлеңдерімен, әсіресе рубаилерімен танымал.