Иран мен Ресей арасында ортақ ғылыми-зерттеу агенттігін құру қажет
(last modified Tue, 24 May 2022 19:12:03 GMT )
Maм 25, 2022 01:12 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасында ортақ ғылыми-зерттеу агенттігін құру қажет

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарының халықаралық әріптестікке ынта танытуы елдердің ғылыми-зерттеу саласындағы орнын жоғарылату және даму жолында бұлтартқысыз фактор саналады.

ИИР-дың білім беру, зерттеу, технология салаларында дамып, Тәжікстан, Үндістан, Әзірбайжан, Қазақстан мен Ресей сияқты мұсылман, дос, көршілес, мәдениеті мен тілі бір елдердің білім мен тәрбие беру және түрлі деңгейде жоғары білім беруде айтарлықтай ілгерілегенін  назарға алсақ, елдер арасында білім беру, ғылыми зерттеу, технология салаларында өзара әріптестік жасау үшін ұзақ мерзімді бағдарламаның болмауы жетістіктермен алмасуда мұрсаттың босқа жіберілуіне себеп болып отырған сыңайлы.

Бастамалар, мақалалар, дипломдар, зерттеу жобалары және әлемдік дәрежелер – осының барлығы ИИР-дың аймақ пен әлемдегі ғылыми әлеуетін білдіреді. Сонымен қатар Иранның ұстаздары мен кейбір елдердің ортақ әріптестікке ынта білдіруі Иранның осы елдермен ғылыми ынтымақтастық жасауына қолайлы жағдай бола алады.

ИИР мен басқа елдер арасында ғылыми-зерттеу саласында ең ірі ортақ іс-қимыл желісін құру идеясының перспективасы қолда бар әлеуеттермен сәт сайын алмасу және әлемдік стандарттарға сай университеттер мен жоғары оқу орындарының ғылым, білім және зерттеу деңгейін жоғарылату мақсатын көздейді. Иран мен басқа елдер арасында ортақ агенттік құруға үлгі бола алатын бұл идея қазіргі таңда Иран мен Ресейдің ғылыми-зертеу саласында ортақ іс-қимыл агенттігін құру жобасына негіз бола алады.

Бұл агенттік Теһран мен Мәскеу қалаларында екі елдің виртуалды университетінің кеңселерін ашу арқылы ғылым мен өнеркәсіпке қатысты электронды ақпарат алмасу саласында жұмысын бастай алады. Иран мен Ресейдің ортақ ғылыми-зертеу агенттігінің мақсаттарының бірі білім беру және зерттеу орталықтарын толықтыру және жабдықтау болады.   

Ұстаздар және студенттермен алмасу, әсіресе белгіленген университеттерде уақытша немесе тұрақты түрде оқыту және білім алу, ортақ зерттеу жобаларын дайындау және орындау саласында әріптестік жасау, техникалық білімге қол жеткізу, екі елдің қажеттіліктерін өтеу мақсатында жоғары оқу орындарында дипломдарды қолдау және жетекшілік ету – Иран мен Ресейдің ортақ ғылыми-зерттеу агенттігін құру жобасында болжанған мақсаттардың бірі.

Иран мен Ресейдің ортақ ғылыми-зерттеу агенттігі екі ел арасында немесе үшінші елдерге спорттық, ғылыми және мәдени турлар ұйымдастырып, екі елдің діндері, мазхабтары, мәдениеттері мен өркениеттеріне ортақ та бірегей ерекшеліктерді ескеріп, салааралық дәрістер өткізу арқылы ғылым мен өнеркәсіп саласындағы іс-қимылдар орталықтарын ашуға қатысты әріптестіктерді арттыра алады.   

Ортақ зерттеу жобаларын сипаттау, жетекшілік ету және қолдау, ғылыми деректер мен құжаттарды дайындау, басып шығару және алмасуға көмектесу, қысқа мерзімді оқу курстарын өткізу, екі елдің ұстаздары мен студенттері арасында ортақ ғылыми мақалалар мен дипломдар дайындап басып шығару, шеберлік сабақтары, семинарлар, форумдар, ғылыми және арнайы көрмелер өткізуде әріптесу, өнеркәсіп орталықтарымен байланыс орнату, мамандар дайындау, оқулық және зерттеу кітаптарын дайындап аудару, екі елдің қажеттіліктерін ескеріп, ұстаздар мен студенттердің мақалалары мен дипломдарын коммерцияландыру, екі елдің басқа университеттері мен жоғары оқу орындары арасында ортақ ынтымақтастық меморандумын дайындау үшін тиісті жағдай жасау осы жобаның мақсаттарының қатарына жатады.

Мұсылман елдермен ғылыми-зерттеу саласында жұмыс істеу келесі қадамда екі ел арасында мұсылман ұстаздар мен студенттердің ортақ кеңесін құрып, ислам елдеріндегі әйелдерге арналған спорттық іс-шараларды өткізуге ұласатын болады.

Иран мен Ресейде табиғи құбылыстардан туындайтын қатерлерді ескеріп, екі елдің ортақ ғылыми-зерттеу агенттігі аясында табиғи қатерлерді зерттеу комитетін құруға ұсыныс жасалады.

Қорытындылай келгенде, Иран мен Ресейдің ортақ ғылыми-зерттеу агенттігі алғашқы қадамда екі елдің Білім министрліктерінің қолдауымен беделді университеттер тарапынан құрылып, нәтиже беретін кезеңге жетуі керек.

 

Автор: зерттеуші сейіт Махмұт Камалара (Закария)

Тегтер