Теһран жұма намазының имамы: Ливанның қарсыласуы Американың бетін қайтарды
Теһран жұма намазының имамы Ливан Хизболласының сионистерді жеңуінің 22 жылдығымен құттықтап: «Хизболланың Ливандағы жеңісімен сионистер жеңілістің алғашқы ащы дәмін татты және Американың бетін қайтарды»,- деді.
Теһранның жұма намазының имамы Казем Сыддиқ Ливан Хизболласының сионистерді жеңуінің 22 жылдығын еске алып, Қарсыласу және бүкіл Ливан халқы мен Қарсыласу майданының қаһарман қолбасшысы Сейед Хасан Насролланы құттықтады. Ол: «Сауд Арабиясы жақында өткен Ливан сайлауында АҚШ қолдаған өз адамдарының жеңісі үшін қомақты қаржы жұмсады. Бірақ Ливан халқы бұл қаржыларға және барлық үгіт-насихат пен ақшаның шашылуына назар аудармады. Ливандағы сайлауда Хизболла мен Қарсыласу қолдаған үміткерлер жеңіске жетті»,- деп мәлімдеді.