Иран Еділден Каспий теңізіне дейінгі кеме қатынасы ақысын алып тастауды өтінді
ИИР Порт және теңіз ұйымының бас директоры Иран туы бар кемелердің Ресейдің барлық порттарына өтуін жеңілдету қажеттігін қуаттады.
IRIB ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Сафаеи: «Біз Ресейден Еділден Каспий теңізіне дейінгі кеме қатынасы ақысын алып тастауды және Ресейдің барлық порттарында, соның ішінде Новороссийск портында Иран туы бар кемелердің өтуіне жағдай жасауды сұрадық. Бұл жағдайда Ресейге астық экспортына кепілдік беруге болады»,- деді.
Сафаеи сөзінің жалғасында Каспий теңізі суының төмендеуі барлық елдерге зиянын тигізіп жатқанын қуаттап: «Мұның бір себебі - Еділде Каспий теңізінің су деңгейіне әсер ететін бөгеттердің салынуы. Осыған орай Ресейдің бұл мәселеде мұқият болуын сұраймыз»,- деді.