Хатибзаде Франция мен Германияның грек мұнай танкерлеріне қатысты мәлімдемелеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 01 Jun 2022 11:30:02 GMT )
Маусым 01, 2022 17:30 Asia/Almaty
  • Хатибзаде Франция мен Германияның грек мұнай танкерлеріне қатысты мәлімдемелеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы француз және неміс әріптестерінің грек кемелері туралы қолмен көшірген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Саид Хатибзаде сәрсенбі күні Франция мен Германия Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің Парсы шығанағында басып алынған грек кемелері туралы мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Экспорттаушылар арасында тұрақты әдетке айналғандай, мұндай біржақты, негізсіз мәлімдемелердің берілуін үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Өкінішке орай, бұл елдер Грекия билігінің Иран туы ілінген кемені заңсыз басып алуы және оның жүктерін басқа елдің трансұлттық заңдары мен ережелеріне сәйкес түсіруіне үнсіз отырғанда, Иранда қабылданған заңды шараларға наразылық білдіруде»,- деді.

 

Тегтер