Сейіт Хасан Хомейни: Имам Иран халқының тәуелсіздігі мен абыройын уағыздады
Имам Хомейнидің қасиетті кесенесінің қамқоршысы имамның (р.а.) Иран халқының тәуелсіздігі мен абыройын уағыздағанына тоқталып: «Имам (р.а.) қоғамдағы пәк рухты қалыптастырған ұлы мұраттар мен таза ақиқаттың көрінісі болды»,- деді.
Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Хомейни кеше Ислам революциясы жетекшісінің, әскери және ұлттық қайраткерлердің және мыңдаған адамның қатысуымен өткен Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болуының жылдығына байланысты рәсімде сөйлеген сөзінде: «Имамның (р.а.) өміріне шолу жасайтын болсақ, оның болмысында өте жарқын тұстар бар. Олардың ең маңыздысы – Ислам революциясының ұлы мұраттары. Имам өзін сол идеалдардың символы және көрінісі ретінде көрсете білді»,- деді. Ол Ислам революциясы жетекшісінің «бұл революция бүкіл жерде имам Хомейнидің атымен белгілі» деген сөздеріне сілтеме жасап: «Біздің революция авторитаризм, отаршылдық пен тоқырауға қарсы болды»,- деп айтты.