Раиси: Өз позициямыздан бір қадам да артқа шегінбейміз
(last modified Thu, 09 Jun 2022 20:45:28 GMT )
Маусым 10, 2022 02:45 Asia/Almaty

Иран Президенті АҚХА басқарма кеңесінің Иранға қарсы қарар бекіткеніне тоқталып: «Алла мен Иран халқының атымен ант етемін, өз позициямыздан бір қадам да артқа шегінбейміз»,-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні Чаһармаһал мен Бахтияри облысы халқымен кездесуінде дұшпанның Иранның дамығанын қаламайтынын айтып: «Иран ядролық өнеркәсіп пен дамыған әскери өнеркәсіпке қол жеткізді. Бірақ дұшпан біздің жоғары ғылымға ие болуымызды қаламайды. Ерік-жігер соғысында елдің дамуын көздеп отырмыз. Бұл соғыс мәңгі жалғасады»,-деді.  

Иран Президенті: «Қайтарымсыз соққы беру дәуірі аяқталды. Грекия бір танкерді тұтқындады, оның орнына біз оның екі кемесін тәркіледік. Дұшпандар өздеріне кесімді жауап берілетінін мықтап түсінуі керек»,-деп еске салды.

Тегтер