Амир Абдоллахиан: Иран әлеммен теңгерімді қарым-қатынас орнатуды көздейді
ИИР Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат басшысымен ортақ баспасөз мәслихатында: «Иран әлеммен теңгерімді қарым-қатынас орнатуға және Еуропа құрлығымен қарым-қатынастарын сақтау мен кеңейтуді көздейді»,- деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Джозеф Боррелмен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иран мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақ, бірақ оңды келіссөздер болды. Иран әлеммен теңдестірілген қарым-қатынас орнатуды мақсат етеді және Еуропа құрлығымен қарым-қатынастарды сақтау мен кеңейту ИИР-ның басымдықтарының бірі болып табылады. Біз американдық тараптың нақты әрекет ететініне үміттенеміз. Украинаға қатысты Иран соғысты шешім жолы деп санамайды»,- деді.
Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы бірлескен баспасөз мәслихатында: «Әлем үшін келісімге келу маңызды. Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта іске қосып, АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды алып, Иранға экономикалық пайда келтіруіміз керек. Үш айға жуық тоқтап тұрған келіссөздер қайта жалғасатын болды», - деді.