Иранның Мұнай министрі: Әлемдік мұнай нарығы Ираннан жеткізілімдерді арттыруы керек
(last modified Fri, 01 Jul 2022 09:56:52 GMT )
Шіл 01, 2022 15:56 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі: Әлемдік мұнай нарығы Ираннан жеткізілімдерді арттыруы керек

Иранның Мұнай министрі энергетикалық қауіпсіздіктің бұзылуы мен нарықтағы құбылудың күшеюін осы саладағы барлық қатысушылар үшін ұтылыс деп атап: «Әлемдік мұнай нарығы Ираннан жеткізілімдерді арттыруы керек»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Джавад Оджи кеше,  бейсенбі күні Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен оның одақтастары  (ОПЕК+) министрлерінң 30-шы отырысы аяқталғаннан кейін: «Жаһандық экономикадағы соңғы оқиғалар дүние жүзіндегі көптеген елдерде инфляциялық әсерлердің күшеюін көрсетті,   жанар-жағармай бағасы айтарлықтай өсті, әлемдік мұнай нарығының жағдайы Иран мұнайының нарыққа қайтарылуы кейбір тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жаһандық нарықтарда тепе-теңдік пен тыныштық орнатуға көмектесуі мүмкін»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер