Иранның Мұнай министрі: Әлемдік мұнай нарығы Ираннан жеткізілімдерді арттыруы керек
Иранның Мұнай министрі энергетикалық қауіпсіздіктің бұзылуы мен нарықтағы құбылудың күшеюін осы саладағы барлық қатысушылар үшін ұтылыс деп атап: «Әлемдік мұнай нарығы Ираннан жеткізілімдерді арттыруы керек»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джавад Оджи кеше, бейсенбі күні Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен оның одақтастары (ОПЕК+) министрлерінң 30-шы отырысы аяқталғаннан кейін: «Жаһандық экономикадағы соңғы оқиғалар дүние жүзіндегі көптеген елдерде инфляциялық әсерлердің күшеюін көрсетті, жанар-жағармай бағасы айтарлықтай өсті, әлемдік мұнай нарығының жағдайы Иран мұнайының нарыққа қайтарылуы кейбір тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жаһандық нарықтарда тепе-теңдік пен тыныштық орнатуға көмектесуі мүмкін»,- деп мәлімдеді.