Визаны алып тастау Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне әкеледі
Қазақстан Президентінің Иранға сапарынан кейін екі елдің экономикалық және туристік ынтымақтастығын кеңейту мақсат қазір бұл ынтымақтастықтың кеңеюіне жол ашылды.
Осының аясында Қазақстан Президентінің визаны жою туралы заңға қол қоюымен Иран азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Ирандықтар Қазақстанда 14 күнге дейін визасыз бола алады.
Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер Алматыда Iran Press ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 19 маусымдағы Иранға сапары барысында екі ел Иран мен Қазақстан арасында өте жақсы келісімдер жасалды, соның бірі – ирандықтардың Қазақстанға барған кездегі визаларын алып тастау»,- деді. 2022 жылдың 8 маусымында Иран визасын алып тастау туралы заңға Қазақстан президенті қол қойды және бұдан былай ирандықтар Қазақстанға визасыз келіп, бұл елде екі аптаға дейін бола алады. Иранның Қазақстандағы елшісінің айтуынша, екі ел арасындағы визаның жойылуы туристік ынтымақтастықтың кеңеюіне, адамдар арасындағы қарым-қатынастың кеңеюіне және екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының дамуына себеп болады.
Қазақстан мен Иран президенттері екі ел арасындағы тауар айналымын жылына 3 миллиард долларға жеткізу туралы шешім қабылдады. Иран мен Қазақстан арасында жасалған келісімдер арқылы екі елдің ынтымақтастығы қарқынды түрде кеңейеді деп күтілуде, қазір Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері тұрақталды.
Hamsafran Mashhad туристік компаниясының бас директоры, Иран- Қазақстан әуе жолдарының операторы Әли Мофиди Iranpress ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Қазіргі уақытта Тегераннан Алматыға және Горганнан Қазақстанның Ақтау портына аптасына екі рейс бар. Жолаушылар санының артуына байланысты екі ел арасында күнделікті рейстерді жүзеге асыру мүмкіндік бар»,- деді. Ол Иран медицинасының беделі мен ілгерілеуіне байланысты Қазақстаннан Иранда емделу үшін көптеген өтініштер түсіп жатыр, визаның күшін жою бұл мәселеде көп көмегін тигізеді»,- деп мәлімдеді. Бұл заңның жүзеге асуы Иран Ислам Республикасының аймақ елдері мен оның көршілеріне сыртқы байланыстардағы назарын көрсетеді. Иранның 13-ші үкіметі көршілерімен және аймақтағы елдермен экономикалық және туристік ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берді.