Ғадир – адамзат тарихының ерекше мәселесі
Теһран жұма намазының имамы: «Ғадир – адамзат тарихының ерекше мәселесі және Алла Тағала ешбір оқиғаға Ғадир сияқты мән бермеген»,- деді.
Хижри-қамари күнтізбесі бойынша 1443 ж. 18 зилхадже, сәйкесінше 2022 жылдың 18 шілдесі - мұсылмандардың ұлы мерекелерінің бірі Ғадир Хом мейрамы.
Ғадир Хом – Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өзінен кейін дүниежүзіндегі шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлиді (ғ.с.) өзінен кейін мұсылмандардың басшысы етіп жариялаған Мекке мен Мәдина арасындағы аймақтың атауы.
Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи: «Ғадир – Исламның жан-жақтылығы мен ислам қоғамы үшін жол картасы мен көрегендік белгісі. Тақуалық дүние мен ақыреттің тірегі. Құран Кәрімде кімде-кім Алланың қасиеттілігін сақтаса, Алла Тағала оның алдындағы тығырықтарды ашатыны айтылған»,- деді.