Коронавирус: Ирандағы жағдай
Шіл 27, 2022 21:02 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 37 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 141795 адамға жетті",-деп хабарлады.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (сәрсенбі) 10526 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 1441-і ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді.
Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7359489 адамға жетті. Осы уақытқа дейін Иранда 7075919 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды.