Ислам революциясының жетекшісі: Дарынды ирандық әйелдер Батыс өркениетінің өтіріктеріне ауыр соққы берді
Ислам революциясының жетекшісі әйел және хиджаб тақырыбына тоқталып: «Иранның дарынды да құрметті әйелдері Батыс өркениетінің өтіріктеріне ең ірі әрі маңызды соққылар берді. Олар осы мәселеге қатты ашулы»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Иранның түкпір-түкпіріндегі жұма намазы құтпагерлерімен кездесуінде: «Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап бұл мәселе әрдайым көтеріліп келеді. Олар жуырда тағы да хиджабты сылтауратып, сәтсіз талпыныстарын қайталады»,-деді.
Аятолла Хаменеи: «Бірнеше жыл бұрын бір жиналыста менен «Әйел мәселесінде Батыстан қалай қорғанасыз?» деген сұраққа «Қорғанбаймыз, шабуылдаймыз. Олар әйелді тауарға айналдырғандықтан қорғанып, жауап беруі керек» дедім»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі «АҚШ пен Ұлыбританияның ресми және мемлекеттік ақпарат құралдары мен жалдамалы медиа құралдары хиджабты сылтауратып, әйел тақырыбына неге қайта оралды?» немесе «Батыстықтар шынымен ирандық әйелдердің құқығын қорғай ма?» деген сұрақтарға жауабында: «Батыстықтар – Иран халқын судан айыра алса, айыратын адамдар. Көбелек ауруымен ауыратын балаларға қажетті дәрілерге санкция салып, осы дәрілердің балаларға жеткізілуіне рұқсат бермегені сияқты. Енді батыстықтар шынымен-ақ ирандық әйелдерге жаны ашиды деп ойлайсыздар ма?»,-деді.
Аятолла Хаменеи: «Батыстықтар әйелдер ақлақ және шариғат қағидаларынан босап шықпайынша дамымайды және жоғары ғылыми, саяси және әлеуметтік дәрежелерге жете алмайды деп айтып келе жатқанына жылдар болды. Алайда ирандық әйел өткен 40 жылдан аса уақытта исламдық хиджабпен ғылым, спорт, қоғам, саясат, экономика, мәдениет пен басқару салаларында белсенді рөл атқарып, сәттіліктер мен ірі жетістіктерге қол жеткізе алды»,-деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі ислам республикасының ең ірі жетістігін Батыс өркениеті болмысының басты өзегі, яғни дінді саясаттан ажырату ұстанымын жоққа шығарғаны деп атап: «Ислам республикасы діни ұранмен өзін ғана сақтап қалған жоқ, елді дамытып, батыстықтардың дін мен саясаттың үйлеспейтіні туралы ұзақ жылғы талпыныстарын түйткілге ұшыратты. Сондықтан сионистер, капиталистер және АҚШ бастаған Батыс алпауыттарының мафиясы осы айқын ақиқатқа ашулы, сол себепті ұдайы ислам республикасына соққы беруге жоба-жоспар құрып келеді»,-деді.