Ислам революциясының жетекшісі Иранда болған су тасқынына байланысты үндеу жариялады
Ислам революциясының жетекшісі Иранның көптеген жерінде болған су тасқынына байланысты үндеу жариялап: «Жауапты басшылар су тасқыны зиян келтірген жерлерді жөндеу үшін тиісті шаралар қолдансын»,-деп бұйрық берді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи кеше, сенбі күні өз үндеуінде: «Елдің көптеген аудандарында болған жойқын су тасқыны халықтың бір бөлігіне адами және материалдық шығын әкелді. Осы су тасқыны салдарынан жақындарынан айырылғандардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Жауапты басшылар су тасқыны зиян келтірген жерлерді жөндеуге тиісті шаралар қолдануын талап етемін»,-деді.
Аятолла Хаменеи: «Жауапты басшылар селге ұшыраған аудандарға баруы тиіс. Құтқару топтарының селге ұшыраған халыққа көмектесіп жатқанына алғыс айтамын. Құдай қолдар осындай іс-шараларды жалғастырып, қайғылы оқиғаның әсерін азайтуға талпыну – біздің міндетіміз»,-деді.