Иранда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 69 адамға жетті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i62874-Иранда_су_тасқынынан_қаза_тапқандардың_саны_69_адамға_жетті
Иран Ішкі істер министрлігінің Дағдарысты басқару ұйымы директорының орынбасары жуырдағы су тасқынында 69 адамның қаза тапқанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 31, 2022 18:22 Asia/Almaty

Иран Ішкі істер министрлігінің Дағдарысты басқару ұйымы директорының орынбасары жуырдағы су тасқынында 69 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Нежад Джахани жексенбі күні елдің 24 облысында су тасқыны болғанын айтып: "Селден қаза тапқандардың ең көбі Теһран облысында тіркелді. Содан кейін Керман, Йезд, Мазандеран, Орталық, Систан мен Белуджистан және Луристан облыстарында адам шығыны болды",-деді.

Ол қаза болған 69 адамның арасында Ирактың 6 азаматы, із-түссіз жоғалған 45 адамның қатарында Ирактың 3 азаматы барын айтып: "Жуырдағы су тасқынында 39 адам жарақат алды. Олардың үшеуі – Ирак азаматтары",-деді.

Нежад Джахани: "Су тасқыны салдарынан 30 мың үй қирады",-деді.