Раиси: Арбағин шеруі – Қарсыласу қозғалысының халықаралық майданда көрініс табуы
Иран Президенті Арбағин шеруін Ашура мәдениеті мен Қарсыласу қозғалысының халықаралық майданда көрініс табуы деп атады.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған зияратшы, соның ішінде Иран зияратшылары имам Хұсейннің(ғ.) қырқына қатысу үшін Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласында ағылып жатыр.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Арбағин шеруін ұйымдастырушылардың бір тобымен кездесуінде: "Арбағин шеруі – Ашура мәдениетін сақтап қалудың жарқын нышаны және Жер планетасындағы ең ірі адамзат жиыны",-деді.
Раиси Ислам революциясы жетекшісінің Арбағин шеруін салтанатты түрде өткізу керегін айтқанына тоқталып: "Бұл рәсім – имам Хұсейн(ғ.) мен Қарсыласу қозғалысына сенетіндердің жаһандық деңгейдегі көріністерінің бірі",-деді.