Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың Иранға қарсы зұлым санкцияларын жоюға арналған келіссөздерде тиісті кепілдіктер берілуі керегін айтты.
Казем Седдиқи Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ-тың Иранға қарсы зұлым санкцияларын жоюға арналған келіссөздер үдерісіне тоқталып: «ИИР бұрынғыдай өз міндеттемелерін орындап келеді. Қарсы тараптар уәде бұзып, халықаралық ядролық келісімге берік болмады»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сионистік режимнің Газа секторына шабуыл жасап, Палестина халқына қарсы қылмыстар жасағанын айтып: «Бір кездері Израиль алты күндік соғыста арабтарды жеңді, бірақ Ливан Хизбулласы құрылғаннан кейін 33 күндік соғыста қарсыласу күштерінің қуатымен сионистік режимнің жеңілмейтіні туралы әпсананың күл-талқаны шықты»,-деді.
Казем Седдиқи «Хайям» жерсерігінің ұшырылғаны туралы: «Жерсеріктің ғарышқа ұшырылуы – Иранның жаңа ғылыми жетістерінің бірі. Елдің мақсаттарын ілгерілету жолында қырағылық, үміт, тәуекел, бірлік, велаят билігі мен сенімге арқа сүйеудің нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткізілді»,-деді.