Иран қоғамында өмірге үміт жасы айтарлықтай артты
Там 14, 2022 18:42 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қоғамда адамдардың өмірге үміттену жасы айтарлықтай артқанын хабарлады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Камал Хейдари "Қатер мен әлеуметтік белсенділіктің байланысы" атты алғашқы форумда әлеуметтік белсенділікті дамыту саласында әрбір ауданның саулығына көңіл бөлу аса маңызды екенін айтып: "Ирактың Иранға қарсы соғысынан кейін қоғамда әлеуметтік белсенділік артты",-деді.
Хейдари өткен екі жылда елде коронавирус таралғанына тоқталып: "Адамдар қоғам денсаулығын сақтау үшін жұмыла әрекет етіп, бірлесіп бірталай іс атқаруға болатынын көрсетті",-деді.