Иран мен Қазақстан екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды қуаттады
(last modified Sat, 27 Aug 2022 16:27:30 GMT )
Там 27, 2022 22:27 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екіжақты экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды қуаттады

Иранның Есеп палатасы басшысы Иран мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамуын екі ел арасындағы тереңірек әрі стратегиялық байланыстың негізі деп санады.

Иранның Есеп палатасы басшысы  ECOSAI ұйымының 9 ассамблеясы аясында және Қазақстан Парламенті төрағасының орынбасарымен кездесуде екі елдің экономикалық байланысын мықты деп атады. Мехрдад Базарпаш Қазақстан арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты қуаттай отырып: «Біз көршілес және достық елдермен қарым-қатынасқа нақты көзқараспен қарауымыз   керек»,- деді. Иранның Есеп палатасы басшысы  ынтымақтастық деңгейін арттыруда екі ел парламенттерінің рөлін маңызды деп тауып: «Иран-Қазақстан достық тобы, ауыл шаруашылығы комиссиясы және басқа да парламент мүшелері қарым-қатынас пен алмасу деңгейін арттыру арқылы ынтымақтастық деңгейін кеңейте алады»,- деп мәлімдеді.

Қазақстан Парламенті төрағасының орынбасары Мехрдад Базарпашты ECOSAI  ұйымы мүшелерінің дауыс беруімен оның президенті болып сайланғанымен құттықтап, ИИР-мен қарым-қатынастарды нығайту мен дамытуға ерекше тоқталды. Павел Казанцев: «Биылғы күзде екі ел арасындағы қарым-қатынастың басталғанына 30 жыл толады. Әлемнің қазіргі күрделі жағдайында Иранмен байланысымыздың түрі мен деңгейі өте маңызды екенін білеміз»,- деді. Қазақстан Парламенті төрағасының орынбасары  өз елі мен Иранның халықаралық форумдар мен ұйымдардағы өзара әрекетін құрмет, ынтымақтастық және жолдастық деп сипаттап: «Бізде Иранмен ынтымақтастық туралы жақсы естеліктер қалды және біз Иранның қолдауына шексіз ризамыз»,- деп айтты. Соңында Павел Казанцев Қазақстанның ИИР-мен қарым-қатынас пен ынтымақтастық деңгейін арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

 

Тегтер