Қызыл жарты ай қоғамының керуені Арбағин шеруіне аттанды
Там 28, 2022 22:20 Asia/Almaty
Иранның Қызыл жарты ай қоғамының керуені зияратшыларға медициналық қызмет көрсету үшін Иракқа аттанды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Пирхұсейн Куливанд жексенбі күні осы қоғамның жәрдемдесу, емдеу және құтқару керуенін Арбағин шеруіне шығарып салу рәсімінде: "Ирак шекарасындағы нөлінші километрден Наджаф қаласына дейін зияратшыларға көмек беріп, медициналық қызмет көрсететін аялдамалар бар",-деді.
Арбағин шеруіне шығарып салу рәсімінде Иранның көмек беру және құтқару ұйымының көліктері саппен жүріп өтіп, Қызыл жарты ай қоғамының тікұшақтары әуеде маневр жасады.