Раиси: Иран аймақта қауіпсіздік сақтап отыр
Иран Президенті өз елдің аймақта қауіпсіздік сақтап отырғанын айтты.
Ибрахим Раиси отандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен болған баспасөз отырысында ИИР-дің аймақтағы қауіпсіздік тудырушы рөліне тоқталып: "Иран аймақта қауіпсіздікті сақтаумен қоса, сауда-экономикалық саладағы рөлін арттыруы тиіс",-деді.
Раиси Иран мен Қытай арасындағы 25 жылдық бағдарламасының орындалу барысына тоқталып: "Иранның Қытаймен қатынасы халықаралық жағдайдың әсерінен тыс бұрынғыдай дами береді",-деді.
Иран Президенті өз елінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы белсендігі және халықаралық әріптестіктер, әсіресе көршілес елдермен байланысын Теһран үкіметінің сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі деп атап: "Біз кез келген елмен қарым-қатынаста тепе-теңдік сақтауды көздейміз. Сыртқы саясатымызда, әсіресе дос әрі көршілес елдермен қатынаста тепе-теңдік пен балансты сақтау әрдайым біздің күн тәртібімізге қойылған",-деді.
Иран Президенті сионистік режимнің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шектен тыс талаптары және оған Теһран үкіметінің реакциясы туралы: "Ядролық қабілет пен атом өнеркәсібі – ИИР жүйесі мен халқының ажырамас құқығы. Сан рет мәлімдегеніміздей, ИИР доктринасында ядролық қару жасау қарастырылмаған",-деді.
Иран Президенті Тель-Авивтің қоқан-лоққысына жауабында: "Шешім мен іс-кимылдың арақашықтығын қараңыздар. Егер Иранға қарсы әрекет жасаймыз деп шешсеңіздер, оны орындауға мұрсат болмауы мүмкін. Осы шешім мен іс-қимылдың арақашықтығы бұл режимнен бірдеңе қалар-қалмасын көрсетеді",-деді.