Иран Ішкі істер министрі: Арбағин – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы
Иран Ішкі істер министрі: «Имам Хұсейннің (ғ.) қырқы – ұлы ислам қоғамының бірлігі мен біртұтастығының символы»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмед Вахиди жексенбі күні Тамарчин шекаралық бекетінде тілшілерге берген сұхбатында Арбағин шеруіне миллиондаған адамның қатысатынын айтып: «Имам Хұсейннің (ғ.) қырқына сүнниттердің белсенді қатысып, зияратшыларға қызмет ететін күркелер жасауы – өте құнды іс. Сүнниттер мен шиіттер арасында іріткі салушыларға мықты жауап болды»,-деді.
Вахиди Арбағин шеруіндегі Иран халқының бірлігі әлемдік үстемшілдерді тітіретіп отырғанын айтып: «Иран халқының имам Хұсейнге (ғ.) сүйіспеншілігі және үстемшілдікке қарсы тұруы Арбағин рәсімінде көрініс тапты»,-деді.