Сардар Фадави: Дұшпандар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға талпынып жатыр
(last modified Thu, 06 Oct 2022 10:06:18 GMT )
Қаз 06, 2022 16:06 Asia/Almaty
  • Сардар Фадави: Дұшпандар исламдық Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға талпынып жатыр

Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары Иранның кейбір қалаларында болған тәртіпсіздіктерге тоқталып: «Бұл арандатушылықта дұшпандардың барлығы Иранның қауіпсіздігін бұзып, бейберекеттік орнатуға күш салып жатыр»,-деді.

Сардар Фадави Заһедандағы бүлікте қаза болғандарды еске алу рәсімінде: «Ислам республикасының қасиетті жүйесінің барлық органдары дұшпандарға Иран халқының қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу үшін 43 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келеді»,-деді.

Сардар Фадави: «Иран халқының қырағылы мен әскери және қауіпсіздік күштерінің айбыны арқасында дұшпандар осы күнге дейін елде бейберекеттік тудыруға бағытталған бірде-бір сұрқия мақсатына жетпеді»,-деді.

 

Тегтер