Мұнай министрі: Иран энергетика саласында аймақтық хабқа айналады
(last modified Thu, 06 Oct 2022 11:15:04 GMT )
Қаз 06, 2022 17:15 Asia/Almaty
  • Мұнай министрі: Иран энергетика саласында аймақтық хабқа айналады

Иран Мұнай министрі: «Ресейдің мұнайы мен газын транзиттеу және SWAP арқылы жөнелту Иранды қуат көздері саласында аймақтық хабқа айналдырады»,-деді.

Джавад Оуджи Каспий экономикалық форумы аясында сөйлеген сөзінде Иран мен Ресейдің энергетика саласындағы әріптестігіне тоқталып: «Иран мен Ресей газ экспорттайтын елдер ретінде SWAP арқылы жөнелту саласында көп әріптестік жасады»,-деді.

Оуджи «Газпром» компаниясының әлемнің мұнай-газ өнеркәсібіндегі орнына тоқталып, сұйытылған газ өндіру және газ нысандарына қатысты технологияларды дамыту саласына бірлесе инвестиция салынатынын мәлімдеп: «Қуанышымызға орай, осы және басқа компаниялармен жақсы келіссөздер жүргізілді. Меморандумдардағы сома деңгейі 40 млрд долларға дейін жетеді. Бұл компаниялар Иранның мұнай мен газ кеніштеріне инвестиция салады. Оның өтеуін кеніш іске қосылғаннан кейін өндіріс саласынан алады»,-деді.

Иран Мұнай министрі: «Ресей газын Еуропаға жөнелтуді тоқтату және халықаралық жағдайдың өзгеруі Иранның ресейлік мұнай мен газ өнімдерін басқа елдерге тасымалдап, аймақта газ полюсіне айналуына себеп болды»,-деді.

Тегтер