Бахадори Джахроми: Махса Аминидің дәрілері эмбаргоға байланысты қиындықпен әкелінді
Үкіметтің баспасөз хатшысы: «Махса Аминидің дәрілері эмбаргоға байланысты қиындықпен әкелінді»,- деді.
Әли Бахадори Джахроми Батыс елдерінің ел ісіне араласуы мен санкцияларына назар аударып, былай деді: «Махса Амини ханым қолданған дәрі-дәрмек, оның шикізаты АҚШ санкцияларына байланысты жиі қиындықпен әкелінетін. Сондықтан бұл ел қолдау туралы айталмайды. Яғни, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында адам құқығына қарсы шаралармен дәрі-дәрмектің кіруіне тосқауыл қояды, бірақ кейін қолдау туралы уәжденеді. Бұл күлкілі уәж».
Бахадори Джахроми сондай-ақ президент Ибрахим Раисидің халық наразылығын білдіру үшін кеңістік беру туралы ұсынысына сілтеме жасай отырып: «Үкімет заңды жиындар өткізумен келіседі, ал Ішкі істер министрі наразылық жиындарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беруге міндетті»,- деп мәлімдеді.