Қаз 12, 2022 20:47 Asia/Almaty
  • Раиси: Қарсыласу – Палестинаны құтқару жолы

ИИР Президенті Теһрандағы 36-шы халықаралық исламдық бірлік конференциясының ашылуында қарсыласуды Палестинаны құтқару жолы деп атады.

 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси Палестина мен Құдс мәселесін ислам әлемінің бірінші мәселесі деп тауып: «Палестина мен Құдсты құтқарудың жалғыз жолы – сионистік режимге қарсы тұру. Бүгінде көптеген ресурстарға сүйену арқылы оларға қарсы тұруға болады»,- деді. Раиси кейбір исламдық елдердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірудегі әрекеттерін сынай отырып, үкіметтер арасындағы қарым-қатынасты ұлттар арасындағы қарым-қатынастан бөлек деп санап: «Ешбір жағдайда аймақ халықтары сионистермен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіруді қабылдамайды»,- деп баса айтты.

ИИР Президенті АҚШ пен сионистік режим елдердің еркіне жік салуға, қару-жарақ нарығын құруға, елдердің мүдделерін жаулап алуға, Палестина мен Құдс мәселесін шеттетуге тырысатынына  тоқталып: «Америкалықтар мен еуропалықтар әлемдегі адам құқықтарын ең үлкен бұзушылар болып табылады»,- деп мәлімдеді. Раиси Иранның саясатын «зұлымдық, лаңкестік және күпірлікпен күресу» деп жариялап: «Америкалықтар да лаңкестікпен күресіп жатырмыз дейді, бірақ лаңкестікпен күресте әлемнің қаһарманы қажы Қасем Сүлеймани, шәһид Әбу Махди әл-Мухандес және аймақты  ДАИШ лаңкестерінен тазартқан моджахед күштері екенін барша біледі»,- деді. Иран Президенті Ислам үмбетінің қазіргі әлемдегі мүмкіндіктеріне назар аудартып: «Имам Хомейни көтерген ту бүкіл әлем мұсылмандарының бірлігінің туы болды»,- деп қуаттады. Раиси қазіргі кезеңдегі Ислам әлемі зиялыларының міндеттерінің бірі ретінде көрегенділік пен түсінікті арттыру деп атап: «Бүгінгі таңда Ислам мен мұсылмандардың ұстанымын және дұшпанның жағдайын және оның дәрменсіздігін түсіндіру әркімнің міндеті»,- деп айтты.

 

 

Тегтер