Ислам революциясының жетекшісі ислам үмбеті бірлігінің қажеттілігін қуаттады
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи рабиул-аууал айының 17-ші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) мен имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс «Бірлік конференциясына» қатысқан ресми тұлғалар мен шетелдік қонақтармен кездесуінде Ислам үмбетінің жаңа билік геометриясында рөл атқарып, жоғары дәрежеге жетудегі ең маңызды қажеттілігі – бірлік.
Ислам революциясының жетекшісі Ислам әлемінің данышпандары мен ғұлама жастарының осы мақсатқа жетудегі өте маңызды ұстанымына сілтеме жасай отырып: «Ислам бірлігі мен жаңа әлемде ықпалды болуы іс жүзінде мүмкін. Бірақ ол қысым мен қиындықтарға қарсы тұруды және күш пен әрекетті және қажет етеді. Оған мойынсұнбаған және билікке қарсы тұрған Ислам республикасының жүйесі айқын мысал бола алады. Ислам республикасының жүйесі қазір тамырынан кесіп тасталмайтын мықты ағашқа айналды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісінің бұл сөзі жаһандық үстемшілдіктің жан-жақты шабуылына ұшыраған бүгінгі қоғамдардағы мұсылмандардың табысы мен жоғары орнының исламдық ынтымақ пен бірлікке байланысты екеніне көрсетеді. ИИР – Ислам революциясының жеңісінен кейін үстемшіл күштердің нысанасына айналған елдердің бірі. Бірақ бірлік пен ынтымақтың аясында жүзеге асқан бұл революцияның жеңісі әлемде ислам үлгісін ұынды және мұсылмандар мен әлемдегі зорлық-зомбылық көрген халықтарға жаһандық үстемшілерге сүйенбей-ақ ұлы державаға айналуға болатынын көрсетті. Бұл үлгі дұшпандардың ең ауыр саяси, экономикалық және тіпті әскери қысымдарына қарамастан Иранның ілгерілеу және даму жолын жалғастырғанын дәлелдеді. Күмәнсіз, халық пен исламдық жүйенің бірлігі мен қарсыласуынсыз бұл даму мүмкін болмас еді.
Ислам әлемінің бірлігі – ең басты мәселелердің бірі. Ислам революциясы жетекшісі жылдар бойы мәлімдемелері мен жолдауларында ғұламаларға, зиялыларға, саяси жетекшілерге және Ислам үмбетінің мүшелеріне кеңес беру арқылы исламдық қоғамдар мен мемлекеттердің бірлігін қалыптастыру қажеттігін үнемі айтып келеді. Бұл мәселе халықаралық жүйенің жағдайы өзгеріп, Иран Ислам революциясы мен оның мұсылмандар арасындағы әсері, үстемдік ететін қоғамдардағы қарсылық мәдениетінің таралуы жаһандық үстемшілдікті барған сайын әлсіретіп, әлемдегі бірполярлық жүйеден көпполярлық жүйеге өту процесін қамтамасыз етіп жатқан жағдайда өте маңызды.