Иранда ДНК мен РНК-ны анықтайтын нанотехнологиялық жинақтар өндірілді
Қаз 24, 2022 20:57 Asia/Almaty
Бір ирандық компанияның директоры ирандық зерттеушілердің талпынысы арқасында әртүрлі материалдан ДНК мен РНК-ны анықтайтын нанотехнологиялық жинақтар (тестерлер) өндірілгенін хабарлады.
«Рунаш Технология Парс» компаниясының директоры Амир Ширализада Дезфули: «Қазіргі таңда Ирандағы зертханалардың көбінде скрининг жасап, ДНК мен РНК-ны анықтау үшін ұзақ әрі қымбат тәсілдер қолданылады»,-деді.
Ширализада Дезфули: «Біздің компания жасап шығарған тестерлер шетелдік аналогтармен салыстырғанда 70 пайызға арзан және ДНК мен РНК-ны жоғары жылдамдықпен анықтай алады»,-деді.