Ислам революциясының жетекшісі Шаһшырақ кесенесінде болған лаңкестік оқиғаға қатысты жолдау жасады
(last modified Thu, 27 Oct 2022 16:00:06 GMT )
Қаз 27, 2022 22:00 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Шаһшырақ кесенесінде болған лаңкестік оқиғаға қатысты жолдау жасады

Ислам революциясының жетекшісі: «Хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.) кесенесінде қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болады»,-деді.

Аятолла Хаменеи бейсенбі күні өз жолдауында хазірет Ахмад бен Мұсаның (ғ.) кесенесінде жасалған қылмысқа тоқталып: «Ондаған жазықсыз адам, соның ішінде  әйелдер мен балалардың қаза табуына және жаралануына әкеліп соқтырған қылмысты жасаған адам немесе жауапты адамдар қатаң жазаға тартылады. Қаза болғандардың қайғысы мен Әһл-е бейт кесенесіне көрсетілген құрметсіздік  осы апаттың түп-тамырын анықтап, оған қисынды да кесімді шара қолданбай өтелмейді»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Соғысқұмар дұшпан пен оған жалданған надан, ғапыл әрі сатқын адамдарға қарсы күресу – баршамыздың міндетіміз. Иранның қауіпсіздік күштері, Сот органы, қоғамдық белсенділер мен әрбір адам халықтың жаны, қауіпсіздігі, діни құндылықтарына құрметсіздік көрсететін ағымдарға қарсы жұмылған жұдырықтай әрекет етуі тиіс»,-деді.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Иран халқы мен жауапты органдар дұшпандардың зиянды қастандықтарын жеңетінін айтып: «Осы оқиғада қаза тапқандардың жанұяларына, Шираз тұрғындарына және жалпы Иран халқына көңіл айтамын. Алла тағаладан жаралылардың сауығып кетуін тілеймін»,-деді.

 

Тегтер