Қалибаф: Шираздағы қылмыс дұшпандардың елді бөлшектеуге оңтайлы сәт тосып отырғанын дәлелдеді
(last modified Sun, 30 Oct 2022 06:35:27 GMT )
Қаз 30, 2022 12:35 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Шираздағы қылмыс дұшпандардың елді бөлшектеуге оңтайлы сәт тосып отырғанын дәлелдеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Шахшыраққа жасалған лаңкестік шабуыл туралы: «Бұл қылмыс дұшпандардың елді бөлшектеуге дайындалып жатқанын дәлелдеді», деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысының басында Шираздағы Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік қылмыстан қаза тапқандардың жанұялары мен Иран халқына көңіл айтты. Қалибаф: «Бұл қылмыс дұшпандардың елді бөлшектеуге оңтайлы сәт тосып отырғанын дәлелдеді. Бұл қылмыс дұшпандардың елдің қауіпсіздігін бұзуды көздеп отырғанын көрсетті», деді. Өткен аптаның сәрсенбі күні қарулы лаңкес Шираздағы Шахшырақ кесенесіне кіріп, зияратшыларға оқ жаудырды. Соның салдарынан 13 адам қаза тауып, 30 адам жараланды.

Тегтер