Иранның Барлау министрі: Ұлыбритания Иранды тұрақсыздандыруы үшін төлейді
ИИР Барлау министрі дұшпандардың елде тәртіпсіздіктер туғызудағы рөліне тоқталып: «Иранның қауіп-қатерге тірелуі ақысын Ұлыбритания төлейді»,- деді.
Иранның Барлау министрі Сейед Исмаил Хатиб: «Елдегі соңғы оқиғаларда сионистік режимнің оны іске асыруға, ағылшындардың үгіт-насихатқа және сауд режимінің оған қаржы жұмсауға қатысты болуы айқындалды. Иран ешқашан Ұлыбритания сияқты лаңкестік әрекеттер мен басқа елдерді тұрақсыздандыруды қолдамайды. Бірақ бұл елдерде қауіптіліктің алдын алу міндеттемесі болмайды. Сондықтан Ұлыбритания Иранды қауіп-қатерге тіреу әрекеттерінің ақысын төлейді»,- деп мәлімдеді.
Иранның Барлау министрі сондай-ақ Иранның қауіпсіздік органының Iran International желіні лаңкестік ұйым деп танығанына тоқталып: «Бұл желінің агенттері Иранның Барлау министрлігі тарапынан іздестіріледі және осы лаңкестік ұйыммен кез келген байланыс лаңкестік аймаққа кіру және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіру ретінде қарастырылады»,- деп айтты.