Иран халқы Мәжіліс сайлауының 2-ші кезеңіне жаппай қатысуда
(last modified Sat, 30 Apr 2016 13:41:49 GMT )
Сәу 30, 2016 19:41 Asia/Almaty
  • Иран халқы Мәжіліс сайлауының 2-ші кезеңіне жаппай қатысуда

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің кезекті 10-шы сайлауының 2-ші кезеңі ақпан айында өткен алғашқы кезеңі секілді 21 облыс халқының жаппай қолдауына ие болды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы сайлауының 2-ші кезеңі жұма күні таңғы сағат 08:00-де 21 облыстың 55 сайлау учаскесінде басталды. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы сайлауының 2-ші кезеңінде 136 үміткер мәжілістегі қалған 68 орынға бәсекелестікке түсті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің 10-шы сайлауының 2-ші кезеңіне халық жаппай қатысқан. Ал сайлау жәшіктеріне бюллетень салуға келген жастар сайлаудың сәнін келтірді.

Иран Ішкі істер министрінің қауіпсіздік мәселелері бойынша орынбасары Хосейн Зулфақари жұма күні Мәжіліс сайлауы кезінде сайлаудың өткізілуі жайлы былай деп мәлімдеді: "Барлық сайлау учаскелерінде толық қауіпсіздік пен тыныштық қамтамасыз етілген. Иранның ешбір жерінен қауіпсіздікті бұзу жайты байқалған жоқ".